Текст
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Балалар жылында «Мектепке жол – шекарасыз ізгілік» ұранымен өтуде. Акция 2022 жылдың 31 тамызына дейін, яғни жаңа оқу жылының басталуына дейін жалғасады.
Акцияға кез келген адам қатыса алады: волонтерлар, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсетіп, көмек сұрай алады. Азаматтар үшін «жедел желі» жұмыс істейді: +77164724367 (мектеп); +77027686512 (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)