«Курский жалпы білім беретін мектебінде әр бейсенбі күні 6 және 8-сынып оқушыларына қазақ тілінен ауыспалы емтиханға дайындық бойынша консультациялар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, пәнді меңгерудегі олқылықтарды, сондай-ақ емтихан тапсырмаларын орындау дағдыларын дамыту болды. Консультацияны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шайхыстанова Ақгүл Сартаевна жүргізіп, оқушыларға тиімді дайындық бойынша ұсыныстар беріп, олардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.