Текст
Бүгін Есіл қаласының № 2 орта мектебінде Есіл ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Д. М. Зейнуллин Есіл ауданы мектептерінің директорларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушілерімен және ата-аналар комитеттерімен "кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, интернет-алаяқтық, жыныстық қол сұғылмаушылық, сондай-ақ жаңа жылдық мерекелер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді .