Түнгі ауылдағы балалар

2024 жылдың 15 қарашасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және педагог-психолог «Кәуіпсіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында ауылда «Түнгі ауылдағы балалар» рейдтік іс-шарасын өткізді.  Рейд мақсаты: • 
 • Кешкі және түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
•Кәмелетке толмаған балалар түнде ересектерсіз  жүруін анықтау.
Негізгі нәтижелер: • Қараусыз балалар болуы мүмкін қоғамдық орындар (көшелер, саябақтар, дүкендер) тексерілді. • Коменданттық сағатты бұзу фактілері анықталған жоқ. Ұсыныстар: • Ата-аналар мен заңды өкілдерге кешкі уақытта балаларды қадағалауды қамтамасыз ету ұсынылады. Өскелең ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында осындай сипаттағы рейдтер жалғасады.