Текст
2024 жылдың 13 желтоқсанында "Курский ауылының ЖМ" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс- шара өтті. Іс-шара оқушылардың бойына патриоттық сезімді арттырып, азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған. Салтанатты іс-шара аясында мектеп оқушылары «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» жастар ұйымдарының қатарына қабылданды. Оқушылар өз елінің лайықты азаматы болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, биік жетістіктерге ұмтылуға салтанатты түрде ант берді. Іс-шара балалардың бойында өз Отанына деген мақтаныш сезімін ояту және олардың Қазақстанның болашағындағы рөлін сезінудегі маңызды қадам болды.