Текст
06.02.2025 ж. педагог-психолог 1-сынып оқушыларымен «Жаман деген не? Жақсы деген не?» тақырыбында әңгімелесу сабағын өткізді. Балалар неге өзгенің заттарын алуға болмайтынын, дұрыс тәртіп сақтаудың маңыздылығын және не үшін төбелеспеу керектігін талқылады. Мұндай сабақтар балаларға кішкентай кезінен бастап маңызды өмірлік құндылықтарды меңгеруге көмектеседі.