Текст
2025 жылғы 16 сәуірде мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында учаскелік инспектор Серов Р.Е. оқушылармен кездесу өткізіп, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.Әсіресе, скутерлер мен мопедтерді қауіпсіз басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде сақтау, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы және шлем кию қажеттігі ескертілді.Сонымен қатар, инспектор құқықбұзушылықтардың алдын алу, зиянды әдеттерден сақтану және интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық тақырыптарын қозғады.