«Курский ауылының жалпы білім беретін мектептiң» КММ- де. 7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай саптық жүріс және патриоттық ән байқауы өтті. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жоғары дайындықтарын, тәртіптіліктерін және Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Байқау бірліктің, патриотизмнің және Отан қорғаушыларға деген құрметтің нағыз мерекесіне айналды!