Текст
Есіл қаласында Орталық балалар жасөспірімдер мектебінде «Шабыт 2025» облыстық авангардтық сән байқауы өтіп, оған Курский орта мектебінің «Ұлытау» командасы қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ұлытау командасының атынан 3-8 сынып оқушылары қатысты. Мектебіміздің оқушылары жиналғандарға қазақ халқының этностильін көрсетті. Балалар сахнада бар өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті, сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялар алды. Балаларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен үлкен табыстар тілейміз.