Текст
Ұйымдар тізімі
16.01.2025
Двуречный ауыл округінің әкімі Мусин Кайрат Сұлтанұлы мектеп әкімшілігімен бірлесіп оқушылармен профилактикалық әңгімелер өткізді. Кездесу барысында мектеп формасын сақтау, Оқу процесі кезінде ұялы телефондарды пайдалану ережелері, сондай-ақ әртүрлі елдердегі әскери қақтығыстарға байланысты тақырыптарды талқылауға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы талқыланды. Мусин Қайрат Сұлтанұлы Қазақстанның бейтараптық саясатын ұстанатын зайырлы мемлекет екенін еске салды. Мұндай әңгімелер оқушылар арасында саналы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және құрмет пен бейбітшілік принциптерін нығайтуға ықпал етеді.



