Текст
"Курский ауылының ЖМ" КММ-де оқушылар арасында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында танымдық әңгіме мен презентация өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, су ресурстарының маңыздылығына және оларды ұқыпты пайдалануға оқушылардың назарын аудару.
Әңгіме барысында оқушылар:
* судың адам мен табиғат өміріндегі маңызы туралы;
* тұщы судың жаһандық жетіспеушілік мәселесі туралы;
* күнделікті өмірде суды үнемдеудің қарапайым әрі тиімді тәсілдері туралы білді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің және серіктес ұйымдардың қолдауымен республикалық жоба аясында өтті.