Текст
2025 жылғы 19 наурызда "Курский ауылының ЖМ" КММ-де күйлерді тыңдау челленджі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу, эстетикалық қабылдауды қалыптастыру, патриоттық сезімдерін ояту және еліміздің мәдени мұрасын сақтау. Челлендж аясында қатысушылар қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін тыңдады. Бұл шығарма – халықтың еркіндікке деген ұмтылысы мен рухын бейнелейтін ең танымал күйлердің бірі. «Адай» күйінің әуені тыңдаушылардың жүрегіне терең әсер етіп, қазақ халқының тарихы мен дәстүрімен байланысты сезінуге мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DHX0zW3MmZz/?igsh=aHB4Z3VicWd1Mmxo